Хирургия бөлімшесі

Хирургия бөлімшесі жіті хирургиялық аурулары бар науқастарға, сондай-ақ жоспарлы науқастарға шұғыл көмек көрсетеді.

Хирургия бөлімшесінде шап жарықтары, өт тас аурулары, жіті және созылмалы холециститтер, билиарлық гипертензия кезіндегі тері арқылы секпілді холангиостомия, бауыр мен іш қуысының қуысты түзілімдерін тері арқылы, тері арқылы дренаждау, ультрадыбыстық зерттеумен (бауыр, іш қуысы абсцестері, биломалар, псоас-абсцестер) кезінде лапароскопиялық және азинвазивті операциялардың үлкен спектрі жүргізіледі.

Бөлімше телефоны: 8 (7512) 51-56-39


Бөлімше меңгерушісі:

Шилкин Виталий Викторович

Хирург дәрігері, жоғары біліктілік санаты бар.

Петропавл қаласында дүниеге келген.

1992 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының Емдеу ісі факультетін үздік бітірген (1986-1992жж.). Институтты бітірген соң (1992 жылы) 3-ші қалалық ауруханаға жұмысқа келіп, 1997 жылы 1 желтоқсанда хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Эндобейнехирургия негіздері, хирургиядағы шағын инвазивті технологиялар, Пластикалық хирургия, шұғыл хирургияның өзекті мәселелері бағыттары бойынша Астана, Алматы, Мәскеу, Челябинск, Қазан қалаларында мамандандырудан өтті.

2019 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» наградалық белгісімен

2020 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Мақала жазылған күні : 07.07.2021 16:50
Мақала жаңартылған күні: 30.09.2021 15:10
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсыcoronavirus