4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

4 маусымда Қазақстан Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде. Олар 1992 жылы алғаш рет бекітілді. Бұл күні мәңгі жаңа мемлекеттік рәміздерді туған күні ретінде тарихта қалады. Мемлекеттік рәміздер мемлекеттің іргетасы болып табылады. Бүгінде олар 26 жаста. Олар — Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран. Салтанатты шара дәстүр бойынша Үшінші қалалық ауруханада өтті. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының орындалуымен басталды. Медицина қызметкерлері мен Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің студенттерінің назарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы бейнематериалдар көрсетілді. Мемлекеттік рәміздер күнінің басты идеялары — қазақстандық патриотизм мен ұлттың бірлігін нығайту, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау.

05.06.2018
Қараулар: 1811
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсыcoronavirus