Дәрігерлерге ризамын

Әр адамға деннің саулығынан артық байлық жоқ. Әсіресе егде жасқа келген мен сияқты қарт жандар үшін он екі мүшесінің сау болғаны маңызды. Сақтық шараларын орындап, қанша күтінгеніммен де, мені де індет айналып өтпеді. 80-нен асқан шамында бүкіл әлемді жаулаған қауіпті ауруға шалығып, Жедел жәрдем көмегімен ауыр хәлде облыстық аурухананың провизорлық бөлімшесінен бірақ шықтым. Бұл сырқат бірақ сәтте ғана он екі мүшенің қызметін әлсіретіп тастайды екен. Азғантай уақыт ішінде дене қызуым көтеріліп, жөтел қысып дел-сал болдым да қалдым. Провизорда он екі күндей өзге науқастармен қатар ем-дом қабылдағаннан кейін ғана денсаулығын бұрынғы қалпына келе бастады. Дем жетпей қатты қиналған кезде, аурухананың тәжірибелі дәрігерлері- терапевт Әсем Балтабаева мен хирург Михаил Четверов жанымнан табылды. Короновирус инфекциясына шалдыққан қатарының азаюына байланысты, мен, ем қабылдап жатқан провизор жабылып, мен барлық науқастармен бірге үшінші қалалық ауруханаға ауыстырылдым. Мұнда да ақ халатты абзал жандар өз міндеттерін адал атқарып, күні-түні жанымыздан табылды. Карантин кезінде медицина қызметкерлердің өздері де ауыру жұқтырып ауырғанын білемін. Осындай сәтте әріптестерінің орнын жоқтатпау үшін, жас мамандар жұмысқа тартылып, сырқат жандарға уақытылы медициналық көмек көрсету ойдағыдай жалғасты. Біраз жылдар бойы №3 ауруханада медбике болып істейтін Мәржан Қойшинаға деген алғысым шексіз. Ол, жас болсада, басы ауырып, балтыры сыздағандардың ризашылығына бөлініп үлгерген білікті маманның бірі. Қан тамырына инені дәл қойып, өзіне жүктелген міндетті шәпшаң орындайды. Әрі кәріне құрметтеуі, кісі силауы көңілімнен шықты. Осындай жандардың арқасында екі аптадан соң денсаулығым жақсарып, үйіме аман-сау оралдым. Індеттен арылуыма қол үшін созған емдеу мекемелерінің барлық қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін.

Мұрат Нұрмұқанов, еңбек ардагері.

07.10.2020
Қараулар: 1407
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсыcoronavirus