«Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында көрсетілетін көмек деңгейін арттыру мақсатында «Ағзалар мен тіндерді трансплантациялау» тақырыбында конференция өтті.
Баяндамашы СҚО бойынша өңірлік трансплант үйлестірушісі А.Б. Қабдуов болды.
Конференцияда мынадай тақырыптар талқыланды:
1. Органдарды өлімнен кейін алуға келісім беру және келіспеу презумпциясы.
2. Өлімнен кейінгі донордан ағзалар мен тіндерді транспланттау тәртібі.
3. Әлеуетті донорды жүргізу (баптау).
Ағзалар мен тіндерді транспланттау - бұл пациенттің зақымданған, науқас немесе жұмыс істемейтін органдары мен тіндерін донорлық органдардың немесе тіндердің көмегімен ауыстыру болып табылатын медициналық рәсім. Бұл емдеудің басқа әдістері толық сауығуды қамтамасыз ете алмайтын ауыр немесе емделмейтін ауруларды емдеу үшін жиі қолданылады.
Қараулар: 193