Елдігіміздің тұмары, ерлігіміздің шынары болған Тәуелсіздік күні құтты болсын, ағайын!
Осыдан 27 жыл бұрын адамзат көгінде жарық жұлдыз пайда болды. Ол — көк байрағын шалқытып, әлем тарихына мөрін басқан Тәуелсіз Қазақстан.
Ғасырлар бойы халқымыздың арманы 1991 жылдың 16 желтоқсанында бүгінгі буынның тарихи таңдауына айналды. Бұл күн — өз тағдырымызға өзіміз қожалық етіп, өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен Ұлы күн. Тарихи әділет салтанат құрып, азаттық үшін төгілген өлшеусіз қанның өтеуі қайтқан Ұмытылмас күн! Қазақ елін бір тудың астына жинап біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен алаш арыстары еді: Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамбетов т.б. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Халқымыздың тарихында ерекше орны бар қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған — бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы да айтпақпыз. Алаш ұлдарының арман-тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Олар қазақ елінің дамуы мен өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16-желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Қаншама қазақ жастары қыршыннан қиылды. Олар әділдік үшін күресті. Желтоқсан құрбандары ерен ерліктерімен көзге төсті. Олардың жасаған ерлігі мен қайрат-жігері мәңгілік біздің есімізде қалады. Желтоқсан оқиғасы — ұмытылған емес, ұмытылмайдыда.
«Үшінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК-нда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті. Аурухана қызметкерлеріне Қазақстандағы тәуелсіздіктің қалыптасуы туралы бейнематериалдар көрсетілді. Аурухананың бірінші басшысы Әбуғалиев Ержан Бекетұлы құттықтау сөзін айтты. Бірқатар қызметкерлерге грамоталар мен ақшалай сыйлықтар берілді. Аурухана қызметкерлері мен шақырылған қонақтардың күшімен салтанатты концерт ұйымдастырылды.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын!
Қараулар: 2386