Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Bilim-orkeniet» Ұлттық ғылыми — зерттеу орталығы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік — бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» — «Почетный гражданин Республики Казахстан» республикалық конкурсын ұйымдастырды.
Бұл байқауға жоғары санатты дәрігер, Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының терапия бөлімшесінің меңгерушісі Рақымберлина Зәуреш Әлімқызы қатысты.
Қорытынды конференцияда Зәуреш Әлімқызы «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» орденімен, «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атағымен марапатталды, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының құрметті азаматтарының энциклопедиясы табыс етілді.
Зәуреш Әлімқызын шын жүректен құттықтаймыз және қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға тілектеспіз! Деніңіз сау және бақытты болыңыз!
Қараулар: 1189