«Оңалту — ғажайып емес, бұл қажырлы еңбектің нәтижесі»

Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының базасындағы қалпына келтіру еміжәне медициналық оңалту бөлімшесі бір жарым жыл бұрын ашылған болатын. Бүгінгі таңда травматологиялық науқастарға, нейрохирургиялық науқастарға, сондай-ақ инсульттан кейінгі науқастарға операциядан кейінгі көмек көрсетіледі. Дәрігерлердің қатаң басшылығымен Аrtromot механотерапиялық аппаратында эндопротезден кейін буындар дамыту жүргізіледі. Құрылғыда белгілі бір жұмыс дәрежесі беріледі және күн сайын ЕДШ нұсқаушыларының бақылауымен ол арттырылады, бұл оң нәтижелерге әкеледі.

Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Тоғжан Зайноштің айтуынша, кей жағдайларда пациенттерді туған-туыстары каталкада «жатқан»күйінде әкеледі. Олар кереуетте ұзақ уақыт жатып, жүрмеген.

Әрине, адам апатияға беріліп, олар бір күніөздігінен қимылдай алатынына күмәнмен қарайды. Әр жолы жағдай жақсарып, біраз уақыт өткеннен кейін олар балдақтар мен таяқтардың көмегімен өздігінен қозғала ала бастады, ал бірнеше оңалтукурстарынан кейін олар өз аяқтарымен бөлімшеден кетеді.

«Бірде инсульттан кейінгі ер адам келді, оның қолдары мен аяқтары қимылдамады. Невропатологтардың болжамы көңіл көлшітпейтінеді, пациенттің аяқ — қолы қимылдамай қалады деген ой болды. Бірақ біз сонымен тоқтап қалған жоқпыз: физио емдерін жүргіздік, массаж бен емдік дене шынықтыруды жасадық. Сосын бір жарым жылдан кейін оңалтудың бірнеше курсынан кейін осы ер адам бізден өз аяқтарымен кетті. Сондай-ақ 35 жасар әйел адам болды, оны бізге туыстары каталкада әкелді. Ол мазасыз күйде, аяғына ешқашан тұра алмаймын деген қорқынышпен келді, бірақ 4 айдан кейін ол өздігінен жүре бастады, кейін бізге оңалту емшараларына өзі туыстарынсыз келе бастады. Бұл ғажайым оқиғалар емес — бұл дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Тоғжан Зайнош «Пациенттерге қолдау көрсетіп, олармен психологиялық жұмыс жасау да маңызды рөл атқарады. Қалау, позитивті көзқарас және өз күшіне сену қалпына келтірудің сәттілігінің негізгі факторлары болып табылады.» — дейді.

Бөлімшедегі барлық көмек түрлері МӘМС аясындатегін көрсетіледі. Анамнезінде жарақат алған немесе инсульт алған кез келген адам дәрігердің жолдамасы бойынша бізге оңалту көмегін алу үшін келе алады.

22.11.2023
Қараулар: 56
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсыcoronavirus