Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелеріне арналған салтанатты шара туралы

«СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Үшінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК-нда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының, аурухананың әкімшілігінен және кәсіподақ ұйымның атынан мереке қарсаңында құрметті грамоталары тапсырылды. Салтанатты шара аурухананың жетекшісі Ержан Бекетұлы Әбуғалиев құттықтау сөзімен басталды. Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, бас дәрігер денсаулық сақтау жүйесі жақсарып келе жатқанын, жоғары технологиялық медициналық көмектің көлемі артып, емдеудің заманауи әдістері енгізіліп жатқанын атап өтті. Дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлер күн сайын жүздеген, мыңдаған адамдардың денсаулықтарын жақсарту жолында еңбек етуде. Ұжымда өте жақсы мамандар бар екендігіне қуаныштымыз - жаңа технологияларды меңгерген еңбекқор және жауапты мамандар, емдеудің және диагностиканың инновациялық әдістерін қолданатын мамандар көп. Жыл сайын денсаулық сақтау саласы қаржыландыру көлемі артып келеді, аурухананың материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Медицина қызметкерлерге «Үшінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлерінің жұмыс күндері туралы бейнежазба көрсетілді. Салтанатты жиналысқа жиналған медицина қызметкерлерді аурухананың қызметкерлері мен олардың балалары дайындаған мерекелік концертпен қуантты. Медицина қызметкерлердің кәсіби мерекелеріне орай «Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК негізінде облыс әкімдігінің дәрежесінде салтанатты мәжіліс те ұйымдастырылған болатын. «Үшінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлері де аталған мерекеге орай граматалар мен алғыс хаттармен марапатталды.

18.06.2018
Қараулар: 1945
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсыcoronavirus