«СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Үшінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК-да Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Мекеменің бірінші басшысы, бас дәрігер Ержан Бекетұлы Әбуғалиев медицина қызметкерлерді құттықтады. Қатысушыларға арналған бейне материал мен Қазақстан Республикасы Конституциясы жөнінде мәлімет берілген болатын. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға болды. Конституция жалпы тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Таңдаған жолымыздың дұрыстығы арқасында ел тәуелсіздігінің қалыптасу жолынан сәтті өттік. Бұл жалпыұлттық күнтізбелік уақыт әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие. Біз бәріміз — осы кезеңде елімізде болған ауқымды жаңарулардың куәсіміз. Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, біз ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргіздік: нарықтық экономиканы құрдық және демократиялық қоғамның негізін қаладық. Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде лайықты орнын алды. Құрметті әріптестер! Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, құт-береке, жақсылық, бақыт және оптимизм тілейміз!
Қараулар: 2936