ҚР-да коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсаруда — А. Цой

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасындағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай және 15 қыркүйекте басталған тұмауға қарсы вакцинация науқаны туралы баяндады.

Министр өз баяндамасында Қазақстан Республикасында КВИ аурушаңдығының төмендегенін атап өтті. Соңғы екі аптада ол 36% - ға төмендеді. Сонымен қатар, тамыздың екінші жартысынан бастап эпиджағдайдың тұрақтануы байқалады, сырқаттану 3,2 есеге (аптасына 54914-тен 17341 жағдайға дейін), ал өлім-жітім 2,7 есеге (аптасына 945-тен 346 жағдайға дейін) төмендеді.

Бүгінгі таңда жасыл аймақта 4 аймақ бар: Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары. Қазақстан Республикасы және 8 өңір – сары аймақта (Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары). Репродуктивті саны - 0,88.

«Соңғы айда науқастар саны тәулігіне 3,6 есе азайды, сондай-ақ, стационарлық емделудегі науқастар санының 27 тамыздағы жағдай бойынша 25 мыңнан 27 қыркүйектегі жағдай бойынша 10,5 мың адамға дейін 2,4 есе азайғаны байқалады, амбулаториялық емделудегі науқастар саны 89 мыңнан 51 мың науқасқа дейін 1,7 есе азайды. Сонымен қатар, 23 тамыздан бастап бір тәулік ішінде сауыққан науқастардың саны бір тәулік ішінде ауырғандардың санынан асып түсетінін атап өткім келеді, бұл да эпиджағдайдың тұрақтанғанын көрсетеді», - деді А.Цой.

Жалпы еліміз бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 56-дан 33% - ға дейін, реанимациялық төсектер 45-тен 32% - ға дейін төмендегені байқалады. Республика бойынша 25 мың төсектік 57 ковидтік стационар жабылды.
Елде халықты вакцинациялау жалғасуда: бірінші компонентпен 7,5 млн.астам адам егілді, тиісті халықты қамту 75,8% - ды құрады, екінші-тиісті халықтың 64,7% - ын қамтумен 6,4 млн. астам адам.

Сонымен қатар, 15 қыркүйекте тұмауға қарсы жыл сайынғы вакцинация науқаны басталды, ағымдағы эпидемиологиялық маусымға Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС тұмауға қарсы вакцинаның 2 526 754 дозасын сатып алды, бұл республиканың жалпы халқының 13%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Медициналық қызметкерлер, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, сәбилер үйлерінің балалары және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға жатады. Бүгінгі таңда шамамен 270 мың адам немесе халықтың 10,5% егілді.

28.09.2021
Қараулар: 1009
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсыcoronavirus