Гинекология бөлімшесі

Бөлімшеде Петропавл қаласы және облыс әйелдеріне шұғыл және жоспарлы гинекологиялық көмек көрсетіледі.

Гинекология бөлімшесінің базасында лапаротомдық және лапароскопиялық гинекологиялық операциялардың барлық түрлері, жатыр мойнының, қынаптың пластикалық операциялары орындалады. Хирургиялық араласудың жоғары технологиялық әдістері кеңінен қолданылады. Операциялардың 80% шағын инвазивті лапароскопиялық әдістермен жүргізіледі.

Бөлімшенің телефоны: 8 (7512) 51-54-10


 Бөлімшенің меңгерушісі:

Әліпбаева Сымбат Өмірбекқызы

Әліпбаева Сымбат Өмірбекқызы - дәрігер акушер-гинеколог, Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының  гинекология бөлімшесінің меңгерушісі.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады, акушер-гинеколог дәрігері біліктілігі берілген.Біздің ауруханада Сымбат Өмірбекқызы Василий Александрович Чесноковтың тәлімгерлігімен жұмыс істей бастады.

«Акушерлік іс пен гинекологиядағы эндокринология», «Акушерлік іс пен гинекологиядағы ультрадыбыстық диагностиканың заманауи жетістіктері», «Акушерліктегі қан кетулер», «Менархтан менопаузаға дейінгі гестагендер», «Акушерліктегі доплер: плацентарлы жеткіліксіздік», «Урогинекология курсы бар жыныс пролапсы хирургиясы» тақырыптарында біліктілікті арттырудан өтті.

2018 жылы денсаулық сақтау саласындағы мінсіз еңбегі, азаматтардың денсаулығын қорғауға қосқан жеке үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Дәрігер гинеколог туа біткен және жүре пайда болған патологияларды емдеуге және зерттеуге маманданған, оның пациенттері тек әйелдер. Бұл репродуктивті жүйемен жұмыс жасай отырып, емдеу әдісін таңдауға, хирургиялық араласуға, кеңес беруге қатысатын кең бейінді дәрігер.

Мақала жазылған күні : 07.07.2021 15:51
Мақала жаңартылған күні: 24.10.2023 09:31
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсыcoronavirus