Терапия бөлімшесі Петропавл қ. науқастарына және қала мен облыстың токсикологиялық науқастарына шұғыл және жоспарлы терапиялық көмек көрсетеді.
Бөлімше телефоны: 8 (7512) 51-56-42
Бөлімше меңгерушісі:
Рақымберлина Зәуреш Әлімқызы
Жоғары санатты терапевт дәрігер, көпсалалы қалалық аурухананың терапевтік, токсикологиялық көмек және постковидті науқастарға оңалту көмегін көрсететін терапия бөлімшесінің меңгерушісі (1989 ж.).
Үлкен жұмыс тәжірибесі бар-36 жыл.
СҚО штаттан тыс бас терапеві, сондай-ақ СҚМУ терапия бойынша жоғары медициналық мектебінің және СҚО медициналық колледжінің оқытушысы.
1986-1989 жылдары СҚО Сергеев ауданы Афанисьевка ауылының учаскелік ауруханасының бас дәрігері.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Социал ауылында дүниеге келген.
1985 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының Емдеу ісі факультетін үздік бітірді.
1986-1989 жылдары СҚО Сергеев ауданы Афанисьевка ауылының учаскелік ауруханасы-бас дәрігер.
Қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін-ауызекі сөйлеу тілін, түрік тілін, араб тілін сөздікпен жетік меңгерген, өлең жазады, сондай-ақ қала мен облыстың қоғамдық өміріне қатысады.
Жұмыс барысында Тюмень, Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында, терапия мен пульмонологияның әртүрлі бағыттары бойынша мамандандырудан өтті: «Терапияның таңдаулы мәселелері», «ЭКГ диагностикасы», «Жасөспірімдер терапиясы», «Жедел және шұғыл медициналық көмек», «Диетология», «Негізгі мамандық бейіні бойынша функционалдық диагностика».
2004 жылы Алматы қ. атеротрамбоз бойынша республикалық байқаудың жеңімпазы.
Еңбегі мен облысымыздың денсаулық сақтау саласына қосқан зор үлесі үшін марапатталды:
- Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы
- СҚО әкімінің Құрмет грамотасы
- «ҚР Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі
- «Әскери қызмет үздігі»