"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Гинекология бөлімшесі

Бөлімшеде Петропавл қаласы және облыс әйелдеріне шұғыл және жоспарлы гинекологиялық көмек көрсетіледі.

Гинекология бөлімшесінің базасында лапаротомдық және лапароскопиялық гинекологиялық операциялардың барлық түрлері, жатыр мойнының, қынаптың пластикалық операциялары орындалады. Хирургиялық араласудың жоғары технологиялық әдістері кеңінен қолданылады. Операциялардың 80% шағын инвазивті лапароскопиялық әдістермен жүргізіледі.

Бөлімшенің телефоны: 8 (7512) 51-54-10


 Бөлімше меңгерушісінің

Әліпбаева Сымбат Өмірбекқызы

alipbaeva.jpgӘліпбаева Сымбат Өмірбекқызы - дәрігер акушер-гинеколог, Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының  гинекология бөлімшесінің меңгерушісі.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады, акушер-гинеколог дәрігері біліктілігі берілген.Біздің ауруханада Сымбат Өмірбекқызы Василий Александрович Чесноковтың тәлімгерлігімен жұмыс істей бастады.

«Акушерлік іс пен гинекологиядағы эндокринология», «Акушерлік іс пен гинекологиядағы ультрадыбыстық диагностиканың заманауи жетістіктері», «Акушерліктегі қан кетулер», «Менархтан менопаузаға дейінгі гестагендер», «Акушерліктегі доплер: плацентарлы жеткіліксіздік», «Урогинекология курсы бар жыныс пролапсы хирургиясы» тақырыптарында біліктілікті арттырудан өтті.

2018 жылы денсаулық сақтау саласындағы мінсіз еңбегі, азаматтардың денсаулығын қорғауға қосқан жеке үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Дәрігер гинеколог туа біткен және жүре пайда болған патологияларды емдеуге және зерттеуге маманданған, оның пациенттері тек әйелдер. Бұл репродуктивті жүйемен жұмыс жасай отырып, емдеу әдісін таңдауға, хирургиялық араласуға, кеңес беруге қатысатын кең бейінді дәрігер.

Записаться на прием