Стационарда емделіп жатқан пациенттерге келу тәртібі туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі кодексіне сәйкес: «Пациенттердің құқықтары» - Егер санитариялық-эпидемиологиялық режимге және ішкі тәртіпке қайшы келмесе, пациенттің туыстарының келуіне құқығы бар; «Денсаулық сақтау субъектілерінің өкілеттіктері» - медициналық ұйымның пациентке келу қағидаларын қоса алғанда, қызметті регламенттейтін ішкі құжаттарды әзірлеуге құқығы бар.
Емдеуші немесе кезекші дәрігермен әңгімелесуге болатын уақыт:
Анестезиология және реанимация бөлімшесі – сағат 11:00 бастап сағат 12:00 дейін және сағат 18:00 бастап сағат 19:00 дейін.
Терапия бөлімшесі – сағат 12:00 бастап сағат 13:00 дейін.
Инсульт орталығы – сағат 11:00 бастап сағат 12:00 дейін.
Травматология бөлімшесі – сағат 14:00 бастап сағат 15:00 дейін.
Хирургия бөлімшесі – сағат 10:00 бастап сағат 13:00 дейін және сағат 14:00 бастап сағат 16:00 дейін.
Гинекология бөлімшесі – сағат 12:00 бастап сағат 13:00 дейін.
Жақсүйек-бет хирургиясы бөлімшесі – сағат 11:00 бастап сағат 12:00 дейін.
Медициналық оңалту және қалпына келтіру емі бөлімшесі – сағат 12:00 бастап сағат 13:00 дейін.
Пациенттерге келуге болатын уақыт:
Келу уақыты: күн сайын сағат 16:00 бастап сағат 19:00 дейін.
Қосымша уақыт: демалыс және мереке күндері сағат 11:00 бастап сағат 13:00 дейін.
Анестезиология және реанимация бөлімшелеріндегі пациенттерге келуге тыйым салынады.
Инсульт орталығында жатқан пациенттерге келу келесі ттәртіпте жүзеге асырылады: егер пациент жұп палатада болса, онда келу сағаттарының кестесіне сәйкес жұп күндер бойынша, егер тақ палатада болса - тақ күндер бойынша жүргізіледі.
Палатада бір мезетте болатын келушілердің санын шектеу: бір пациентке бір адамнан көп емес.
Кездесу ұзақтығы: 30 минуттан аспауы тиіс.
Мына жағдайлардан басқа жағдайларда кәмелетке толмағандардың келуіне қатаң тыйым салынады: 14 жастан асқан балаларға пациенттерге тек ересектермен және емдеуші дәрігердің рұқсат бойынша келуге болады.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты пациенттерге келуге рұқсат уақытша шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Карантин немесе өзге де шектеу іс-шаралары жарияланған жағдайда пациенттерге ерекше өкімге дейін келуге тыйым салынады.
Келушілерге тыйым салынады:
- Пациенттерге алкогольдік (есірткілік) мас күйінде келуге тыйым салынады;
- Тез бүлінетін тағамдарды, ащы, қуырылған, ысталған тағамдарды, алкоголь мен темекі өнімдерін әкелуге тыйым салынады;
- Келушіде жұқпалы аурудың белгілері болса, онда келуге тыйым салынады;
- Басқа науқастың төсегіне отыруға тыйым салынады;
- Келуші тыныштықты сақтауға және басқа пациенттерге медициналық көмек көрсетуге кедергі келтіруге, санитариялық ережелерді сақтауға және басқа пациенттердің тыныштығын құрметтеуге міндетті, медициналық жабдыққа қол тигізбеуі керек;
- Медициналық персоналға пациентке күтім жасауда көмек көрсетуге рұқсат етіледі (іш киімдер мен төсек-орындарды ауыстыру, пациентті санитариялық өңдеу, пациенттің жеке гигиенасын сақтау).