«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК патологоанатомия бөлімшесі қала мен облыстың барлық медицина ұйымдары үшін гематоксилин мен эозиннің шолу түстерін, сондай-ақ гистохимиялық әдістерді пайдалана отырып, әртүрлі операциялық және биопсиялық материалға гистологиялық зерттеу арқылы адамның тірі кезінде диагностиканы жүзеге асырады.
Басқа ұйымдардантүскен дайын гистологиялық препараттарды қайта қарайды. Қосымша зерттеу әдістерін (бактериологиялық және гистохимиялық әдістер) қолдана отырып, мәйіттерге аутопсиялық зерттеулер жүргізіледі. Сондай-ақ, патологоанатомия бөлімшесінде ақылы негізде қайтыс болғандардың денелерін сақтау, дәретін алу және бальзамдау қызметтері бар.
Патологоанатомия бөлімшесі жұміс күндері сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Қайтыс болғандардың денелерін сақтау және қызметтер (дәретін алу, бальзамдау) көрсетуге қабылдау тәулік бойы жүргізіледі.
Бөлімшенің телефоны: 8(7152)51-56-71.
Бөлімше меңгерушісі:
Бусурманов Адыльбек Аканович
Дәрігер-патологоанатом (балалар, ересектер)
Қарағанды медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірген. «Патологиялық анатомия» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен.
Жұмыс барысында келесі тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстары мен семинарлардан өтті:
- «Инфекциялық генездегі перинаталдық патологияның патологиялық диагностикасы»
- «Бауырдағы патологиялық процестердің морфологиялық сипаттамасы: инфекциялық және инфекциялық емес»
- «BASIC LIFE SUPPORT and AUTOMED EXTERNAL DEFIBRILLATION (BLS/AED), ACLS, PHTLS — жедел медициналық көмек практикасындағы шұғыл жағдайлар. Халықаралық стандарттар»
- «Pre-Hospital Trauma Life Support. TRIAGE»
- Халықаралық қатысумен өткен «ХХІ ғасырдың патоморфологиясы: Сын-қатерлер, жаңалықтар, болашақ бағыттары» атты Қазақстан патологтарының І конгресінің қатысушысы.





