Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына соңғы күндері велосипедтен құлаған бірнеше пациент түсті.
👨🦰 66 жастағы пациент ауруханаға оң жақ жамбас буынының қатты ауыратынына және аяққа тұра алмайтынына шағымданып түсті. Ол ауруханаға түсердің алдында екі сағат бұрын велосипедтен құлаған.
📋 Диагноз: оң жақ сан сүйегінің жабық сынуы.
🛠 Оған операция жасалды — іштен бекіту арқылы жабық репозиция.
👨⚕️ Операция жасағандар травматолог-ортопедтер Смайлов Қайрат Мұрзабайұлы мен Кеңесов Әсет Мұқтарұлы, анестезиолог-реаниматолог — Кипень Юлия Аскаровна.
Қазіргі кезде пациент скелеттік тарту емін алып жатыр, стационарда 9-шы күн ем қабылдауда.
👱♂️ Басқа 70 жасар ер адам велосипедтен сол бүйіріне құлаған.
📋 Диагноз: сол жақ қабырғаларының сынуы.
Пациент қажетті емін алды, жағдайы жақсарып, үйіне шықты.
Жаңалықтар
Велосипедтер маусымы - қауіпсіздікті естен шығармау қажет!
Қаралды: 15
