«СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 37-н бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізу кестесіне сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК директорының «2024 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2024 жылғы 08 ақпандағы № 134-н бұйрығының негізінде 2023 жылғы 01 шілдеден бастап 2024 жылғы 01 ақпанға дейінгі алғандағы кезеңде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК қызметінде мына бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады:
1) КБҚЖМЖА қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) КБҚЖМЖА ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты 2024 жылғы 07 наурызға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді, оқиғаларды мына электрондық адреске жолдауды сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. Құпиялылық пен жасырындыққа кепілдік беріледі. Түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін қолданылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда мына телефондар бойынша хабарлау қажет: 8(715-2) 51-57-67, 8(715-2) 51-56-60
Жаңалықтар
2024 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Қаралды: 541