85 жасар ер адам КҚЖМЖА-на кеуде қуысының сол жағындағы ауырсынуға, басының ауырып, айналуына шағымданып түсті. Пациенттің сөзінде оны жол жиегінде жүк көлігі соғып кеткен.
Пациент шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне мына диагнозбен емдеуге жатқызылды: бас миының жабық жарақаты, мидың зақымдануы, бірнеше қабырғасыныңсынуы, сол жақ пневмоторакс, екі жамбас сүйегінің сынуы, сол жақ бұғанасының сынуы, төменгі жақтың бұрышының сынуы, іштің жарақаты, травматикалық шок.
Ауруханаға түскеннен кейін бірден пациентке мидың компьютерлік томографиясы, кеуде қуысы мен аяқ-қол сүйектерінің рентгенографиясы, сондай-ақ іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуінен тұратын кешенді қарап-тексеру жүргізілді. Консилиум жиналды, онда емдеу тактикасы айқындалды.
Пациентке пневмотораксты жою үшін жамбас сүйегінің сынуының остеосинтезі және плевра қуысының дренажы операциясы жасалды. Операциядан кейінгі кезеңде ауырсынуды басатын дәрілер, инфекциялардың алдын алуға арналған антибиотиктер беріліп, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары жүйесін тұрақтандыруға арналған құралдардан тұратын қарқынды терапия жүргізілді. Пациент тұрақты түрде бақылауда болды, жағдайына тұрақты мониторингжәне қажет болған жағдайда емдеуді түзету жүргізілді.
Пациент ауруханада барлығы 40 күн өткізді, оның ішінде 26 күн реанимацияда өтті. Ауруханадан шыққан кезде оның жағдайы тұрақтанды және қанағаттанарлық деп бағаланды. Пациент амбулаториялық емдеуге мамандарда әрі қарай бақылану және дәрі-дәрмек терапиясын жалғастыру ұсыныстарымен ауруханадан шығарылды.