Онкологиялық аурумен ауыратын 73 жасар ер адам шұғыл түрде Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді, ол жөтелген кезде іш қуысынан ішек ілмектері түсіп кеткен.2024 жылғы қыркүйек айында оған тік ішекті резекциялау операциясы жасалды, бірақ емханада тігістерді алып тастағаннан кейін, үйдеқатты жөтелген кезде ішегі түсіп кеткен.
Пациенттің жай-күйі мен ауыратын диагнозы есепке алынып, ол дереу ауруханаға жатқызылды, операция бөлмесіне жеткізілді. Операция жалпы наркозбен екі тәжірибелі хирург - Захаров РусланНиколаевич пен Дрюпин Алексей Павловичтің, сондай-ақ анестезиолог Әсетов Тимур Вадимовичтің қатысуымен жасалды. Операция барысында апоневроздан тігістер алынып тасталды, түсіп кеткен тік ішектің ілмектері орнына келтірілді, арналары кептірілді. Бірнеше рет ірқуысына санациялау жүргізілді, жамбасына, сол жақ бүйір арнасына және бауыр астындағыкеңістікке дренаждар орнатылды. Жара мықтап тігілді.
Дәрігерлердің уақытында және сауатты жасалған іс-әрекеттерінің арқасында онкологиялық ауруға байланысты асқануға қарамастан, пациенттің жағдайы тұрақтандырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр, бірақ та тұрақты, нашарлау белгілері жоқ. Пациент дәрі-дәрмекпен емделіп жатыр, тұрақты түрде таңулар жасалады және ол дәрігерлердің ұдайы бақылауында.