"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

81 жас. Ауыр операция — жақсы нәтиже!

81 жас. Ауыр операция — жақсы нәтиже!

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдемауруханасына 81 жастағы ер адам сол жақ иығының ауыратынына және қолын көтере алмайтынына шағымданып келді. Пациенттің сөзінше – үйінде иығына құлаған.

📋 Қарап-тексергенде және рентгенография жасағанда иық сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінің сынғаны анықталды. Травмпунктте пациентке сынған жеріне блокадасы жасалды және бекітетін Дезо таңғышы қойылды.

Пациенттің жасына және ілеспе тәуекелдерге қарамастан, дәрігерлер хирургиялық ем жасау шешімін қабылдады. Пациент мұқият дайындықтан, барлық қажетті тексерулерден өтті, 5-ші күні жалпы наркозбен операция жасалды - іштен фиксация жасалып, сүйек фрагменттерінің жабық репозициясы.

👨‍⚕️ Операцияны травматологтар Комаренко Михаил Васильевич пен Петров Денис Анатольевич, анестезиолог — Соболев Виталий Владимирович жасады.

✨ Хирургиялық операция сәтті өтті, тамыр-неврологиялық асқанулар болған жоқ. Операциядан кейінгі жара тұрақты негізде өңделіп, тағылып тұрды. 

Бүгінгі таңда пациенттің жағдайы қанағаттанарлықжәне амбулаториялық жағдайда емделу үшін үйіне шығарылды.

🔹 Сапалы ем алуға пациенттің жасы кедергі емес - Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдемауруханасында ауыр операциялар сәтті жасалып, егде жастағы пациенттерге де толыққанды өмір сүру мүмкіндігі беріледі.

Записаться на прием