"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Алкоголь бауырды зақымдайды!

Алкоголь бауырды зақымдайды!

Алкоголь бірнеше жылда бауырды толықтай зақымдауы мүмкін!
Бауыр – бірегей регенерациялану қабілеті бар өте берік орган. Онда сау жасушалар өте аз болса да, бауыр өз функцияларын орындауды жалғастырабереді. Алайда, алкоголь бірнеше жыл ішінде бұл органды толығымен бұза алады. Алкогольді ішу бауырдың алкогольдік ауруына әкеліп соқтырады, соңы циррозбен және өліммен аяқталуы мүмкін. Егер бауырға үнемі этанол түсіп тұрса, оны өңдеумен айналысатын жасушалар біртіндеп өз міндеттерін орындауды тоқтатады. Ацетальдегид бауырда жиналып, оны уландырады, ал этил спирті бауырдағы майдың жиналуына және оның жасушаларының өліміне әсер етеді.
Алкогольдік бауыр циррозы — созылмалы маскүнемдіктің салдары.
Ол кез-келген алкогольді ішкенде дамиды, алкогольдің сапасы маңызды емес. Адам алкогольді неғұрлым көп ішсе, оның дозасы соғұрлым көп болады, соғұрлым аурудың пайда болу қаупі жоғарылайды.
Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына көп жылдар бойы алкогольішімдіктерін ішкеннен туындағын ауыр күйдегіпациенттер түседі. Өткен жылы ауруханағабауырдың алкогольдік циррозымен 19 адам түсті. Бұл ретте кейбір пациенттерге медициналық көмек қайта көрсетіледі. Білікті медициналық көмеккөрсетілгенге қарамастан, мұндай пациенттердіңөмірін құтқарып қалу қиын. Жыл басынан беру «бауырдың алкогольдік циррозы» диагнозымен 4 адам көмекке жүгінді. Олардың екеуінің өміріне араша болу мүмкін болмады: 5 жыл бойы алкогольді көп ішкен 38 жасар ер адам, ол 7-10 күн бойы шамадан көп алкоголь ішу күйінде жиі болатын және 37 жасар әйел адам, оның алкогольге тәуелділігі 10 жылдай. 60 жастан үлкен екі ер адамды дәрігерлер құтқара алмады.
Бауырдың алкогольдік зақымдануының белгілерітәуелділіктен зардап шекпейтін, бірақ әр түрлі әлсіз сусындарды үнемі ішетін адамдарда пайда болуы мүмкін, бұл ретте оларда қою синдромы (асқыну) болмайды. Статистика бойынша ер адамдар күніне шамамен 70 г таза этанол, ал әйелдер 8-10 жыл бойы 20 г тұтынса, бауырдың алкогольдік ауруыдамуы әбден мүмкін.
Яғни, әйел адамның бауыры үшін алкогольдің ең көп дозасы күніне бір бөтелке жеңіл сыра, ал ерадам үшін бір бөтелке шарап немесе үш бөтелке кәдімгі сыра болып табылады.
Осы жылы медицина мекемесіне алкогольге байланысты аурулармен барлығы 10 адам медициналық көмекке жүгінді.

Записаться на прием