Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына қалтырау, бүкіл дененің дірілдеуі, бас айналу және ара шаққан жердің қызарғанын сияқты шағымдармен 62 жасар ер адам түсті. Сондай-ақ артерия қысымының төмендегені (80/40 мм.рт.ст.), жалпы әлсіздік пен тоңып, қалтырау сезімі байқалды.
Пациенттің сөзінше, оны досының бал омартасында ара шағып алған. Араның бізгегін ол өзі алып тастаған, алайда осындай алаңдатарлық белгілер пайда болған.
Медицина персоналының уақытында жасаған реакциясы мен анафилактикалық шоктың клиникалық белгісі нақты анықтауының арқасында дерек шокқа қарсы көмек көрсетілді: адреналин және гормон берілді, кезекші реаниматолог шақырылды. Пациент шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.
⚠️ Жағдайдың ауырлығына қарамастан, ер адам басында емделуге жатудан бас тартпақ болды. Дәрігерлер оны қалуға көндірді, өміріне төнген қауіп пен оның болуы мүмкін салдары туралы түсіндірді.
Жай-күйі тұрақтандырылғаннан кейін пациент терапия бөлімшесіне ауыстырылды.
📌 Диагноз: араның шағуына анафилактикалық шок. Аллергиялық реакция.
✅ Қазір оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.
🧬 Мынаны білу маңызды: жәндіктің бір ғана шағуына ауыр реакция болуы мүмкін, әсіресе ол тез дамып жатса. Алғашқы алаңдатарлық белгілер пайда болғанда - уақытты жоғалтпай, жедел жәрдем шақырыңыз!
Жаңалықтар
Ара шағуы өмірге қауіп төндірді
Қаралды: 12
