"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Аязда үсу. Ампутация жасамауға болар еді!

Аязда үсу. Ампутация жасамауға болар еді!
Биылғы жылдың қаңтар айының басында Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 47 және 42 жастағы екі ер адам көмекке жүгінді. Екеуі де ауруханаға ауа райы суықта далада көп жүргеннен кейін үсік шалу симптомдарымен келді. Олар суық өткеннен кейін дереу ауруханаға жүгінбеген, дәрігерге баруды кейінге қалдырған, біреуі 7 күнге, екіншісі одан да ұзақ уақытқа. Бұл екі ер адамда да ауыр асқынуларға әкеліп соқтырды және аяқтың бір бөлігін ампутациялауға тура келді.
 
Үсік шалғанның белгісі терінің қызаруы мен сезімталдығының жоғалуы, ауырсыну, сондай-ақ көпіршіктердің немесе қара дақтардың пайда болуы екенін есте сақтау маңыздыү Осы симптомдарды байқаған соң дереу дәрігерге көмекке жүгіну қажет. Уақытында көмекке жүгінген жағдайда асқынулардың алдын алуға болады.
Сәтті жасалған операциядан кейін екі адам да ауруханада біраз уақыт өткізуге мәжбүр болды, кейін олар үйлеріне шығарылды.
 
Тағы бір жағдай, онда 31 жасар ер адамның үсік алғаннан кейін аяғындағы бармақтарын ампутациялауға тура келді. Пациен амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілді. Алайда, күтінудің орнына, тұрғылықты жері жоқ ер адам қатты аязда тағы көшеде болған, салдарынан аяқ-қолдары қайтадан қатып қалған. Оның туыстарының ешқайсысы оны үйіне апармаған және тиісті қамқорлық көрсетпеген.
Өкінішке орай, мұндай жағдайлар жиі кездеседі, ауруханадан қарт адамдарды да әкетпейді. Пациенттер дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің уақтылы күтімінің арқасында ғана емес, сонымен қатар туыстары мен жақындарының қамқорлығының арқасында қалпына келетінін атап айту қажет.
Записаться на прием