"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Барынша көп сақтап қалу: жарақаттан кейінгі күрделі операция

Previous Next

Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдемауруханасының травпунктіне оң қолының ауыр жарақатын алған 21 жастағы ер адам келді.Пациенттің сөзінше, қолы ер тартқышқа түскен.

Қабылдау кезде пациенттің жағдайы ауыр болды. Жарақат саусақтардың бір бөлігінің травматикалық ампутациясымен, сондай-ақ қолдың сүйектеріне, сіңірлеріне және жұмсақ тіндеріне зақым келтірілген.

Пациент шұғыл түрде травматология бөлімшесіне жатқызылды. Хирургия бригадасының алдындасақтап қалуға болатын барлығын сақтау және қолдың функциясын мүмкіндігінше қалпына келтіру ауыр міндеті тұрды.

Операция барысында зақымданған қолды темір конструкциялардың көмегімен бекітті, жараларды хирургиялық өңдеу жүргізді және зақымданған сіңірлерді қалпына келтірді. Жарақаттың күрделіекеніне қарамастан, одан әрі қол функциясын қалпына келтіруге жағдай жасау үшін мамандар саусақтардың қалған бөлігін сақтап қалды.

Операцияны жасағандар: травматолог-ортопедтерНиконов Евгений Сергеевич пен Қуандықов Ислам Абайұлы. Анестезиолог-реаниматолог — Сибагатуллин Мансур Хакимиллаевич, операциялық мейіргер — Волынец Ирина Николаевна.

Хирургиялық емнен кейін пациент стационарда қалпына келуді жалғастырды. Ер адам ауруханада барлығы 16 күн болды.

Мұндай жарақаттар хирургтың шеберлігін ғана емес, сонымен қатар ауруханаға шұғыл жатқызылудан операциядан кейінгі бақылауға дейінбүкіл команданың үйлесімді жұмысын қажет етеді.

Осы оқиға ер тартқышпен және басқа да механизмдермен жұмыс істегенде, барынша сақ болу керек екенін еске салады. Бір секундтықабайсыздық өмірді мәңгі өзгерте алады.

Записаться на прием