"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Бастысы – уақытында және сапалы көмек көрсету 

Бастысы – уақытында және сапалы көмек көрсету 

🚨 Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен және сыртқа қан кетіп жатқан ауыр күйдегі 44 жасар ер адам жеткізілді.

Қарап-тексергеннен кейін ол шұғыл операция жасау бөлмесіне жеткізілді. Хирургтар сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің зақымдалуымен плевра қуысының жарақатын анықтады.

Операция күрделі болды, бірақ команданың үйлесімді жұмысы бәрін бір сағатта аяқтауға мүмкіндік берді. Дәрігерлер қан кетуді тоқтатып, өкпенің жарасын тікті, жиналған қанды алып тастады.

Науқастың жолғалтқан қанының мөлшері шамамен 600 мл құрады.

👨‍⚕️ Операция жасаған хирургтар:

  • Червонюк Евгений Анатольевич
  • Исканов Әлібек Әлмұратұлы
  • Өмірұзақов Жамшид Абдиманнатұлы

Анестезиолог-реаниматолог — Кипень Юлия Аскаровна.

Операциядан кейін пациент реанимацияда тәулік бойы бақылауда бір тәулік уақыт жатты. 

Жай-күйі тұрақтанған соң ол хирургия бөлімшесіне ауыстырылды.

Бүгінде ер адам амбулаториялық жағдайда емді жалғастыруға үйіне шығарылды.

Ол дәрігерлерге кәсібиліктері, зейіндері мен аман алып қалған өмірі үшін алғыс білдіруде. ❤️

Записаться на прием