58 жасар ер адам Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына кеуде қуысының оң жағыныңауырсынуына, тыныс алудың қиындағанына, жалпы әлсіздік және қалтырауға шағымданып көмекке жүгінді. Оның айтуынша, ол екінші қабаттан биіктіктен кірпіш үйіндісіне құлаған кезде жарақат алған.
Пациент шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Жалпы жай-күйі көптеген жарақаттар мен олардан болатын асқынуларға, тыныс алу және жүрек-қан тамырлары функцияларының жеткіліксіздігіне байланысты ауыр болып бағаланды. Қабырға қаңқасының флотациясымен бірнеше қабырға сынуы диагнозы қойылды: фрагменттердің ішке қарай жылжуымен жеті қабырға сынған, бұл оң жақтағы гемопневмоторакспен және II-III дәрежелі шокпен бірге болып отыр.
Ер адамға плевра қуысын тазалау үшін шұғыл операция жасалды. Реанимация бөлімшесінде пациентке инфузиялық терапиядан, өмірлік маңызды белгілерге мониторинг, динамикалық бақылаудан, сондай-ақ тыныс алуды жақсарту үшін CPAP терапиясын қолданудан тұратын қарқынды терапия жүргізілді.
Жағдайы тұрақтандырылғаннан кейін, үш күн реанимацияда болғаннан кейін пациент травматология бөлімшесіне ауыстырылды, қазір емделуді жалғастырып жатыр.
Жарақаттардың ауыр болуына және асқыну қаупіне байланысты пациентке ұзақ оңалтудан өту қажет болады. Ендігі маңызды міндеттер - тыныс алу функциясын қалпына келтіру, инфекциялық асқынулардың алдын алу және жүрек-тамыр жүйесін тұрақтандыру болып тұр.