Солтүстік Қазақстан облысына Трансплантология мен жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың мамандары келді Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының дәрігерлері мен мейірбикелеріне медицина ғылымдарының докторы, трансплантологияны үйлестіру және донорлық органдардың аллокациясы бөлімінің басшысы Иманбаев Қайрат Мусинұлы донорлық тақырыбына арналған дәріс оқыды. Айта кетейік, бүгінде өңірімізде органдарды трансплантациялауға мұқтаж 104 адам бар. Пациенттердің көпшілігіне бүйректің, жүректің, бауырдың транслантациясы қажет. Заң бойынша әр адам тірі күнінеде донор болуға рұқсат бере алады. Қайтыс болғаннан кейінгі бір донор кемінде бес пациенттің өмірін аман алып қала алады.