"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Қарт жақындарыңызға мұқият болыңыздар!

Қарт жақындарыңызға мұқият болыңыздар!

🔹Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 89 жастағы әже гипотермия белгілерімен ауыр халде жеткізілді. Ол ес-түссіз, түнгі жейдеде және көрпе жамылған күйде көп қабатты үйдің подъездінде табылды. Пациент шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне жатқызылды, бөлімшеде оған шұғыл медициналық емшаралар, соның ішінде инфузиялық және синдромдық терапия жүргізілді, сондай-ақ өмірлік маңызы бар белгілер бақыланды. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін әже одан әрі емдеу және оңалту үшін травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта ол біздің ауруханада, сауығуды жалғастыруда. Бұл оқиға өздеріңіздің жақын қарт туған-туыстарыңызға қарау және осындай жағдайларды болдырмау қажет екенін еске түсіретін маңызды жағдай. Қария адамдарға, әсіресе қыс мезгілінде жылы және жайлы жерде болу өте маңызды. 👵👴Өздеріңіздің апа-аталарыңызды күтіңіздер, оларға көп назар аударып, қолдау көрсетіңіздер, денсаулықтарын бақылаңыздар. Туғандарға қамқорлық көрсету – оларға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі, кей жағдайда бұл олардың өмірін сақтап қалады.

Записаться на прием