"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Дихлофоспен улану: қауіпсіздік шараларын сақтау неге маңызды

Дихлофоспен улану: қауіпсіздік шараларын сақтау неге маңызды

🚨 Дихлофоспен улану: қауіпсіздік шараларын сақтау неге маңызды

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдемауруханасына ауыр халде
57 жастағы әйел түсті.

Бір күн бұрын ол шыбын мен масаны улау үшін дихлофос шашыратқан да, сол бөлмеде ұйықтауға жатқан. Таңертеңіне әйелде жүрек айну, құсу, іштің ауыруы және әлсіздік сияқты белгілер пайда болған. Жағдайы тез нашарлап, пациент шұғыл түрде реанимацияға емдеуге жатқызылды.

Диагнозы: фосфорорганикалық және карбаматты инсектицидтердің уытты әсері.

👩‍⚕️ Дәрігер мамандардың қатысуымен уытсыздандыру емі мен өмірлік маңызды функцияларын түзету жүргізілді. Жағдайы тұрақтандырылды, одан әрі емдеу үшін пациент терапия бөлімшесіне ауыстырылды.

⚠️ Дихлофос неге қауіпті?

​•​құрамында фосфорорганикалық қосындылары бар, олар өмірлік маңызды ыерменттердің жұмысын тежейді;

​•​тыныс алу және жұрек жұмысының едәуір бұзылуына әкеледі;

​•​әсіресе балалар, қарт және созылмалы аурулары бар пациенттер үшін өте қауіпті.

🛡 Дихлофосты қауіпсіз қолдану ережелері:

​•​бөлмені өңдегеннен кейін онда қалмаңыз;

​•​пәтерді жақсылап желдетіңіз;

​•​жатыр бөлмеде мұндай құралдарды қолданбаңыз;

​•​қол жетпейтін жерде ұстаңыз;

​•​әрқашан нұсқауды орындау қажет.

✅ Дихлофос — бұл жай ғана аэрозоль емес, ол өтекүшті уландырғыш зат. Ережені бұзудың салдары ауыр болуы және өмірге қауіпті болуы мүмкін.

Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз!

Записаться на прием