Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына бас ауыруына және оң аяқтарының әлсіз болуына шағымданған 44 жасар әйел түсті. Қабылдау бөлімшесінде дәрігер-невролог пациенттің жай-күйін бағалады, оған дереу түрде компьютерлік томография жасалды, оның нәтижесіне сәйкес пациенттің бас миында тамыр зақымдану белгілерін, 37 текше см аумақта қан құйылғанын көрсетті. Ми ішінде қан құйылу қан қысымының жоғары болуынан. Әйел геморрагиялық инсультпен шұғыл реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды, дайындықтан кейін бас сүйегінің трепанизациясы және мидан гематоманы алу операциясы жасалды. «Қанды тазарту немесе қарапайым тілмен айтқанда, мидың қанға батып кетуіне жол бермеу үшін бас сүйектерінде кішкене тесік жасалады. Бұл бас миындағы қысымды азайту үшін қажет, бақылау үшін бас миының ішіне датчик орнатылады. Соның арқасында біз мидың жұмысын сақтаймыз. Операция 20 минутқа созылды. Шұғыл хирургиялық араласу және қарқынды емдеу, сондай-ақ мейірбикелер мен санитарлардың күтімінің арқасында науқастың жағдайы жақсарды. Жаяу жүргіш құрал мен арбаның көмегімен науқаске қайтадан жүру үйретілді. Толық қалпына келтіру өте сирек кездеседі. Мұндай аурулардың жартысы өліммен аяқталады, сондықтан бұл жағдай бақытты аяқталады деп айтуға болады», - деді аурухананың инсульт орталығының меңгерушісі Кудашкина Людмила Михайловна. Бір айдан соң науқастың аяқтарында күш толығымен қалпына келді, ол өздігінен қозғала бастады, жағдайына шағымдар жоқ. Әйел үйге амбулаториялық емделу және оңалту үшін шығарылды. Геморрагиялық инсульт — ауыр, мүгедек ететін күй. Ол 100 000 адамға шаққанда 10-20 жағдайда болады. Кқбінесе инсульттің бұл түрі ер адамдарда болады, бірақ одан көп әйелдер қайтыс болады. Геморрагиялық инсульттен қайтыс болу өте жоғары: бас миына қан кету ұстамадан кейінгі алғашқы 30 күнде пациенттердің 35-50% өлімге әкеліп соқтырады. Инсульт қаупінің факторлары арасында мыналарды атап өтуге болады: •еркек адамдар, ер адамдар инсульттан жиі зардап шегеді; •жас, қауіп 50 жастан кейін артады; •мүгедектік, егер жақын туыстар ауырған болса, қауіп жоғары. •темекі шегу — зиянды дағды инсульттің даму қаупін 2-4 есе арттырады; •алкогольді шамадан артық қолдану — спирт ішімдіктерін ішкеннен кейінгі бірінші сағат ішінде инсульттің даму қаупі 2,3 есе артады; •қозғалыссыз өмір — ДДҰ аптасына кемінде 150 минут қалыпты немесе 75 минут қарқынды жаттығулар жасауды ұсынады; •артериялық қан қысымына бақылаудың болмауы. Қан қысымының жоғарылығы емдеу және түзету геморрагиялық инсульт қаупін 40% төмендетеді. Дәрігерлер гипертониямен ауыратын науқастарға қан қысымы күнделігін жүргізуді, оның 130/85 мм сына бағанасынан аспауын қамтамасыз етуді ұсынады.
Жаңалықтар
Соңы жақсы аяқталған инсульт
Қаралды: 720