Жыл сайын 29 қазан күні аталып өтетін Дүниежүзілік инсультпен күрес күні қарсаңында Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында осы қауіпті ауру туралы білімді арттыруға бағытталған іс-шаралар өтіп жатыр.
Бүгін дәрігер-невролог Жалтаев Махмет Асылбекұлы инсульт бөлімшесінің пациенттерімен дәріс өткізді. Кездесу барысында инсульттің алдын алу, оның алғашқы белгілері мен медициналық көмекке уақытында жүгінудің маңызы талқыланды.
Инсульт жылдам реакцияны қажет етеді. Қол мен аяқтың кенеттен әлсіздігі немесе ұюы, сөйлеудің бұзылуы, беттің асимметриясы — 103 нөмірі бойынша жедел жәрдемді шақыруды қажет ететін алаңдатарлық белгілер.
❤️ Инсульттің алғашқы белгілерін білу өмірді сақтап қалуға мүмкіндік береді. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар!





