Ауруханамызға жамбасы іскен және ауырсынғанәйел түсті. Жарты жыл бұрын ол үйінде уколдар қойғызған, инъекция орнында кішкене томпиғанжер пайда болған. Ол оған мән бермей – «солай болады», деп жүре берген.
Бірақта бір апта бұрын ауырсынуы күшейіп, терісі қызарған, әлсіздік пайда болған.
Пациент басында өзі үйінде емделген – жақпамай жаққан, компресстер жасаған – нәтижесі болмаған.
Ауруханада қарап-тексерген кезде – жамбас аумағында флегмона анықталды. Хирургтар оны кесіп, жуып, дренаж қойды – шамамен 30 мл ірің шықты.
Неге осылай болды?
Үйде инъекция жасау, бір қарағанда оңай секілді, бірақ:
💉 Стерильділік бұзылады
💉 Укол қойылатын жерге емес, басқа жерге қойып, нервке зақым келтіруіңіз мүмкін
💉 Уколдан кейін томпиған жер өздігінен кетпеуі мүмкін
Инфекция ұзақ уақыт «орнында тұруы» мүмкін,кейін осы жағдайдағы сияқты белсенді түрде жұмыс істей бастауы мүмкін.
Өзіңізді қалай сақтандыру қажет?
✅ Уколды тек медицина қызметкері жасасын
✅ Ауырсынып және томпиып тұрған жерге укол қойдырмау
✅ Қызарып, ауырсыну күшейген немесе дене қызуы көтерілген жағдайда — күтпей, дәрігерге көмекке жүгініңіз.
Өзіңе абай бол! Кейде бір кішкентай инъекция үлкен проблемаға әкелуі мүмкін.
Есіңізде болсын: кез-келген дәрі-дәрмекті тек дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдау керек.





