"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 89 жастағы пациент түсті, ол эпигастрий аймағының ауырсынуына, ауыздағы құрғақтық пен ащы дәмге, жүрегінің айнитынына және әлсіздік сезіміне шағым білдірді.

Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 89 жастағы пациент түсті, ол эпигастрий аймағының ауырсынуына, ауыздағы құрғақтық пен ащы дәмге, жүрегінің айнитынына және әлсіздік сезіміне шағым білдірді.

Ол бірнеше күн бойы ауырсынуға шыдап, медициналық көмекке жүгінбеген. Жағдайы нашарлаған соң ғана жедел жәрдем бригадасын шақырған.

Мұқият қарап-тексергеннен кейін дәрігерлер РХПГ - өт жолындағы тастарды эндоскопиялық тәсілмен алып тастауды жүргізу туралы шешім қабылдады.

Операция жалпы наркозбен жүргізілді, асқыну жоқ.

👨‍⚕️ Операция бөлмесінде мына мамандар командасы жұмыс істеді:
— хирург Счастливцев Кирил Викторович
— хирург Дрюпин Алексей Павлович
— анестезиолог-реаниматолог Кипень Юлия Аскаровна

Пациенттің егде жасына және қатар жүретін ауруларға қарамастан, операция сәтті өтті. Бірнеше күннен кейін пациент қанағаттарлық жағдайда амбулаториялық жағдайда емделу үшін үйіне шығарылды.

💬 Егде жаста жалпы наркозбен операция жасау әрдайым мүмкін емес - әрбір жағдай салмақты шешім қабылдауды және дәрігерлердің командалық жұмысын талап етеді. Бұл жағдайда КБҚЖМЖА мамандары емнің оңтайлы тактикасын таңдай білді.

🙏 Дәрігерлер мен мейіргерлердің командасына кәсіби шеберліктері мен пациенттерге көрсеткен қамқорлықтары үшін алғыс білдіреміз.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз – ауырсынуға шыдап жүрмеңіз, жедел жәрдем шақыруды кейінге қалдырмаңыз.

Записаться на прием