"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына сол жақ кеуде қуысы жараланған және қансыраған 20 жасар ер адам түсті

Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына сол жақ кеуде қуысы жараланған және қансыраған 20 жасар ер адам түсті

Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына сол жақ кеуде қуысы жараланған және қансыраған 20 жасар ер адам түсті. Пациенттің сөзінде жарақатты ол күнделікті тұрмыста алған, алайда оның жай-күйі ауыр және өміріне қауіп төніп тұрды. Оны шұғыл түрде кезекші хирургтар мен реаниматолог қарап-тексерді, кейін өмірлік көрсетілімдері бойынша шұғыл операция бөлмесіне жеткізілді.

Шамамен 2,5 сағаттай жүргізілген операцияның барысында сол жақ бүйрегінің зақымданғаны және зәрінде қан бар екені анықталды – бұл сол бүйрегінің қатты зақымданғанын көрсетеді. Шұғыл түрде кезекші уролог (ургенттік) шақырылды. Хирургтармен бірлесе зақымданған бүйректі (сол жақта нефроэктомия) алып тастау туралы шешім қабылданды. Осыдан кейін барлық жаралар өңделді, іш қуысы мен жамбас жағы құрғатылды, зақымдануларға тігіс салынды.

👨‍⚕️ Операция жасауға қатысқан хирургтар мен реаниматологтар командасы:
​•​Хирург: Өмірзақов Жамшид Әбдіманнатұлы
​•​Дәрігер-консультант: Сайдазов Джамрат Уматаевич
​•​Хирург: Кочнев Александр Александрович
​•​Реанимация меңгерушісі: Флёрко Дмитрий Владимирович

Пациент операциядан кейін өмірлік көрсеткіштері мен қалған бүйрегінің функциялары бақыланып, тәулік бойы реанимацияда жатты. Кейін ол хирургия бөлімшесіне ауыстырылды, онда қалпына келтіру емін қабылдады, операциядан кейінгі жай-күйін бақылау және анемияны қалпына келтіру жалғасты.

Барлығы 12 күннен кейін жас жігіт хирург, уролог және нефрологтың амбулаториялық бақылауында болу бойынша ұсыныстар беріліп, салыстырмалы түрде тұрақты жай-күйде үйіне шығарылды.

Бір бүйрегінен айырылғанына қарамастан, оның организмі жеңіп шықты және ол тірі қалды. Қазір жас жігіт біртіндеп қалпына келіп, қалыпты өмірге оралуда.

Записаться на прием