Аққайың ауданының Смирново ауылында екі қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылуынан зардап шеккен 22 жасар жігіт ес-түсінің бұзылуымен, күйіктен болатын шоктің белгілерімен, тұрақсыз гемодинамикамен, тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілерімен аудандық ауруханаға жеткізілді. Дереу түрде Петропавл қаласынан санитарлық авиация бригадасы шақыртылды. Өмірлік функцияларды тұрақтандырылғаннан кейін пациентті анестезиолог – реаниматолог және травматолог – дәрігерлерінің бригадасы Смирново ауылынан Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізді. Науқас ауруханаға 3 дәрежелі күйік шокы жағдайында түсті. Дәрігерлер бұл адамның өміріне қауіп төндіретін күй екенін айтады. Ол екі қолының, арқасының, басының, бетінің, екі жамбастың алдыңғы жағының екінші-үшінші дәрежелі 50% термиялық күйігін, сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарының күйігін алған.
Адамның терісі - өзінің құрылымы мен физиологиясы бар мүшелердің бірі. Тері -біздің денеміздегі ең үлкен орган. Тері ішкі ағзаларды қорғауды қамтамасыз ететін дене мен сыртқы орта арасындағы тосқауыл ретінде қызмет етеді. Науқаста бұл қорғаныстың 40% болған жоқ, сонымен қатар оның жағдайы ауыр болды, осыған қоса жоғарғы тыныс жолдарының күйігі (10%) орын алған.
Күйік алғаннан болатын шок - бұл плазманың жоғалуына және қан айналымының орталықтандырылуына байланысты айналымдағы қан көлемінің төмендеуіне байланысты қан айналымының ауыр бұзылуы, бұл организмнің тіршілік пен метаболизмді сақтау үшін өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне оттегінің жеткізілуінің сәйкес келмеуіне әкеледі.
Жас жігітке реанимация бөлімшесінде қарқынды терапия жүргізілді. Күйік шокымен күресу, оттегімен қамтамасыз ету, инфузиялық терапия, қан компоненттерін құю, инфекциялық асқынулармен күресу, арнайы тамақтандыру, дене сұйықтығының жоғалуын тоқтату үшін арнайы шамдарды қолдана отырып, күйік жараларын күнделікті өңдеу.
Реанимация бөлімшесіндегі 10 күндік қарқынды терапиядан және ауыр жағдайды жеңілдетуден кейін науқас одан әрі емдеу үшін травматология бөлімшесіне ауыстырылды, онда теріні қалпына келтіру және инфекциялық асқынулардың алдын алу үшін күрес жүргізілді.
28 күн бойы командалық жұмыстың нәтижесі жас жігітті ауруханадан шығаруға мүмкіндік беретін қанағаттанарлық жағдай болды. Дәрігерлер барлық жаралары жазылғанын атап өтті және науқасқа тез қалпына келуін тілейді!
Дәрігерлердің еңбегінен басқа, мейірбикелер мен санитарлардың қажырлы еңбегін атап өту қажет. Олар пациентке көп көңіл бөлді: тамақтандырды, таңып, жуды. «Жаңа жылдық мерекелерде пациентпен жұмыс тоқтаған жоқ, онымен толық көлемде айналыстық», - деді Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Руслан Тасов.
Медицина қызметкерлерінің риясыздығы мен жұмысқа адалдығының арқасында жас жігіт аман қалды. Әр науқастың өмірі үшін күресу - аурухана дәрігерлерінің басты міндеті! Дәрігерлер пациенттің позитивті көзқарасын атап өтті, бұл емдеуге және қалпына келтіруге сөзсіз көмектесті. «Менің тірі болғаным үшін көп рахмет!»,- деді науқас қоштасар алдында. Дәрігерлер үшін бұл сөздер ең жақсы сыйлық болып табылады.