"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 22 жасар ер адам автокөлік шинасының жарылуынан кейін түсті

Previous Next

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 22 жасар ер адам автокөлік шинасының жарылуынан кейін түсті. Уақыт - сағат 21.00. шамасында, кезекші дәрігерлер қиын жағдайларға дайын еді, бірақ та соншалықты ауыр жағдай болады деп ойламаған. Пациент шұғыл түрде операция бөлмесіне жеткізілді. Хирургтар Захаров Руслан Николаевич және Дрюпин Алексей Павлович, анестезиолог Рамазанов Эльдар Ниязбекұлы және барша команда кез-келген қиындыққа әзір болды. Дереу операция жасау басталды. Қарап-тексеру кезінде кеуде қуысындағы жарақат, оң жақ өкпені тесіп өткен жарақат пен диафрагманың оң жақ куполының зақымданғаны көрінді. Жарақаттан қан кетіп жатты, бауырдың жақымданған бөлігі көрініп тұрды. Дәрігерлер өкпе мен диафрагманың жарасын тығыз тігіп, содан кейін бауырға кірісті, ол жерде зақымдануларды тікті. Алайда, көкірек бөлігінде гематома пайда бола бастады, қарап-тексеру кезінде жүректің жарақаттанғаны анықталды. Сол жақ торакотомия жасалды, перикардия ашылды, гематома алынып тасталды, оң жақ қарынша аймағындағы жара тігілді, одан әрі қарап-тексеру кезінде сол жақ көкірек бөлігінде екінші тесік табылды, сол жерден темір шыбық алынды. Жараларға тігіс салынды. Соңғы гемостазға қол жеткізілді. Темір шыбық алынып тасталған соң барлық жараларға тігіс салынды, бір литр шамасында қан жоғалтты. Операция 2 сағаттай жүргізілді. Реанимацияда бес күн өткізгеннен кейін пациент өздігінен тыныс ала бастап, оның жай-жүйі тұрақтанды. Қазіргі уақыттың оның жағдайы қанағаттанарлық, ол үйіне шығарылды. Пациенттің сөзінше: «Мен басында не болғанын түсінген жоқпын, тек ауырғанын және ашып тұрғанын сезіндім, бірнеше күн өткеннен кейін ғана жағдайдың күрделі екенін түсіндім». Дәрігерлерге олардың кәсіпқойлықтары мен сабақтастықтары үшін алғыс білдіреміз. Аман алынып қалған өмір – бұл бір ғажайып, сол ғажайыптың артында зор еңбек тұрғаны сөзсіз.

Записаться на прием