"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

КБҚЖМЖА қабылдау бөлімшесіне мойнында жарақаты бар алкогольге мас күйдегі 45 жасар ер адам түсті. Жағдайы – ауыр, тұрақты.

КБҚЖМЖА қабылдау бөлімшесіне мойнында жарақаты бар алкогольге мас күйдегі 45 жасар ер адам түсті. Жағдайы – ауыр, тұрақты.

Мойнында — қансыраған жара, бетінің сол жағы көкшіл. Өмірлік маңызы бар тамырлар зақымданған.

Пациент шұғыл операция жасау бөлмесіне жеткізілді.
🔸 Жарақаттың түріне байланысты операция залына шұғыл ангиохирург шақыртылды.
🔹 Операция барысында:
— сыртқы мойын венасы байланды,
— жалпы ұйқы артериясы тігілді.
Жоғалтқан қанның мөлшері —1 литрдей.

Операция сәтті өтті. 3 күн реанимацияда, кейін – хирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы орташа ауыр, тұрақты.

🩺 Операция жасаған мамандар:
Дрюпин Алексей Павлович — дәрігер-хирург
Таштанов Рустам Хамзаұлы — ангиохирург
Червонюк Евгений Анатольевич — хирург
Исканов Әлібек Альмұратұлы — хирург
Флерко Дмитрий Владимирович — анестезиолог

❗Алкоголь көбінесе қайғылы оқиғалардың себебі болып табылады. Бұл жолы бәрі жақсы аяқталды. Бірақ бәрі басқаша болуы да мүмкін еді.

Записаться на прием