"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Кеудесімен арматураға құлаған

Кеудесімен арматураға құлаған

38 жасар ер адам Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының травмпунктіне кеуде аумағындағы ауырсынуға, ауырсынудың тыныс алғанда күшеюуіне, ауа жетіспеуіне, демікпеге шағымданып, көмекке жүгінді.Пациенттің сөзінше медициналық көмекке жүгінерден 1 тәулік бұрын ол жаңбырлы түнде өз жер учаскесінде аяғы шалынып, кеудесімен сәл шығып тұрған арматураға құлаған.

Ер адамды травматолог қарап-тексерді, клиникалық-рентгенологиялық зерттеуден кейін оң жақтағы 7-ші қабырғасының жабық сынуы анықталды, қабырғаның сынығы өкпесіне жарақат жасаған және оң жақ пневмоторакс (плевра қуысында ауаның жиналуы, бұл өкпенің ішінара немесе толықколлапсына әкеледі) анықталды. Пациент шұғыл түрде травматология бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Оң жақ кеуде қуысында ауаның болуы, тыныс алу жетіспеушілігі операциялық араласуға көрсетілім болып табылды.

Плевра қуысын дренаждау және оң жақ өкпенің тыныс алу қызметін қалпына келтіру бойынша операция жасалды. Үш күннен кейін пациенттің жай-күй жақсарды, қабырғасы сынған тұста ауырсыну сақталуда.

Записаться на прием