«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – кәсіпорын) байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды. Кәсіпорын денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорынның мекенжайы: Петропавл қаласы, Тауфик Мұхамед-Рахимов көшесі, 27, тел. 8(7152) 51-54-56.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталатын күн мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу хабарландыруы орналастырылған күннен бастап айқындалады.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) экономика/қаржы, бизнес, құқық, денсаулық сақтау және білім беру саласында жоғары білімнің болуы;
2) денсаулық сақтау, экономика/қаржы, бизнес, құқық, білім беру саласындағы басшылық (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары) қызметте жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) денсаулық сақтау, білім беру, экономика, бизнес, құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуы.
Үміткер осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күн ішінде Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а, 23-кабинет мекенжайы бойынша мына құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) мын мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы: Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а, 23-кабинет.
2) «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК - мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «2024 жылғы «20» ақпан сағат 17.00. дейін ашуға болмайды» деген сөздерді қамтуы тиіс.
Конкурстық өтінім мына мекенжайға жолданады: Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а,
23-кабинет. Анықтамалар үшін тел: 46-46-63
Конверттерді ашатын күн мен орны: 20-шы ақпан 2024 жыл, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а,
23-кабинет.
Конкурс өткізу күні мен орны және уақыты: 22-ші ақпан 2024 жыл, сағат 17-00, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а, 23-кабинет.
Жаңалықтар
Хабарландыру
Қаралды: 114