Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдемауруханасына бетінің, мойнының, құлағы мен сол жақ білегінің терісі күйіп қалған 68 жасар әйел адам көмекке жүгінді.
Оның сөзінше, моншада қайнаған суға күйіп қалған. Бастапқыда «өзінен-өзі жазылып кетеді» - деп, дәрігерге жүгінбей-ақ қояйын деп шешкен. Бірақ бірнеше күн өткеннен кейін жай-күй нашарлай түскен: ісіну күшейіп, дене қызуыкөтеріліп, әлсіздік пайда болды.
Терісінің 5% күйік шалған.
Мамандар пациентті қарап-тексергеннен кейін оны жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне емдеуге жатқызды. Толық қарап-тексерді, травматолог-ортопед консультация берді. Дәрі-дәрмекпен емдеужәне жараларды күн сайын өңдеу тағайындалды.
Уақытында көрсетілген көмектің арқасында әйелдің жай-күйі жақсарды, күйген жерлері жазыла бастады. Ол дәрігердің амбулаториялық бақылауында болу үшін үйге шығарылды.
🛑 Күйіп қалғанда уақытты жай жібермеңіз!
Қайнаған суға күйіп қалғанда не істеу керек:
▪️ зақымданған жерді дереу салқын сумен (мұздай емес!) 10-15 минут бойы салқындату
▪️ егер киім теріге жабысып қалмаса, оны абайлапшешіңіз
▪️ күйген жерге май, жақпа май, спирт, йоджақпаңыз
▪️ таза, құрғақ стерильді таңба жабыңыз
▪️ күйік үлкен емес болса да, міндетті түрде медициналық көмекке жүгініңіз
Әсіресе мына жерлердің күйгені жаман:
— бет, мойын, қолдар мен буындар
— қария адамдар мен балалардың
—1–2% астам аумақтың.
❗ Тіпті сәл кешіктіру асқынуға әкелуі мүмкін.
Өзін-өзі емдеу — денсаулыққа қауіпті. Күйіп қалғанда дәрігерге көмекке жүгінген дұрыс.