Құрметті әріптестеріміз!
Сіздерге алғысымыз шексіз: ұйқысыз түндеріңіз үшін, әр науқас үшін уайымдап, жанашырлық танытқандарыңыз үшін, төзім мен мейірімдеріңіз үшін. Ең ауыр сәттерде де жүректеріңіз жылы, қолдарыңыз мықты күйінде қалатыныңыз үшін рақмет.
Біз сіздермен бір ұжымда қызмет етіп жүргенімізді мақтан тұтамыз.
Өмірлеріңізде денсаулық, қарапайым адамдық бақыт пен өздеріңіз күн сайын өзгелерге сыйлайтын жан жылуы мол болсын!