Кеше Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында 2025 жылдың қорытындысы бойынша медициналық кеңес өтті.
Кеңес жұмысына аурухананың басшылығы мен дәрігерлері қатысты.
Биылғы жыл қиын, бірақ маңызды жыл болды:
біз күн сайын адамдардың денсаулығы мен өміріне байланысты шешімдер қабылдадық.
Құрғақ сандардың артында - пациенттердің жеке оқиғалары, кезекші ауысымдардың жұмысы, ұйқысыз түндер, күрделі операциялар және одан әрі еңбек етуге күш беретін кішкентай жеңістер тұр.
Медициналық кеңесте мына мәселелер талқыланды:
— бөлімшелер жұмысының нәтижелері,
— жетістіктер мен одан әрі өсу,
— келесі жылға қойылған жоспарлар мен басымдықтар.
💬 Мұндай кездесулер — жай ғана есеп беру емес.
Бұл өз жұмысыңызға шын көзбен қарау, бір –бірімізге қолдау көрсету және «біз бір команда»екенімізді тағы бір рет еске салу мүмкіндігі.
Әр қызметкерге жауапкершілігі, кәсібилігі менпациенттерге көрсететін адами көзқарасы үшін алғыс айтамыз.
Біз бірге — алып күшпіз! 💙





