"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Мухомор саңырауқұлағы — зияны бар эксперимент

Previous Next

Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы на 40 жасар әйел түсті. Пациенттің жай-күйі ауыр болды. Әйелдің сөзінше, ол мухомор саңырауқұлағын жеген.

Қажетті қарап-тексерулерден кейін пациент шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне жатқызылды, оған белгісіз затпен жіті улану диагнозы қойылды. Ілеспе аурулар мен тәуелділік синдромы да анықталды.

4 күн бойы реанимация бөлімшесінің дәрігерлері пациенттің өмірі үшін күресті. Ағзаның өмір үшінмаңызды функцияларын сақтап қалуға, интоксикациядан болатын бұзылуларды түзетуге және болуы мүмкін асқынулардың алдын алуға бағытталған қарқынды терапия жүргізілді. Жай-күйі мен негізгі көрсеткіштерін медицина қызметкерлері үнемі бақылап отырды.

Пациенттің жағдайы тұрақты болған соң, ол терапия бөлімшесіне ауыстырылды, онда бақылауда болып, емін одан әрі жалғастырды.

Ауруханадан шығарар кезде әйелдің жағдайы қанағаттанарлық болды. Шыққаннан кейін оған психиатр мен наркологтың мамандандырылған көмегіне жүгіну ұсынылады.

⚠️ Мынаны есте сақтаған жөн: мухомор және сананы өзгерту үшін қолданылатын басқа өсімдіктер немесе заттар «дем алудың», стрессті жеңілдетудің немесе жаңа сезімдер сезінудіңқауіпсіз әдісі емес. Ағзаның реакциясын және интоксикацияның ауырлығын болжау мүмкін емес. Әсіресе, белгісіз заттарды, препараттарды немесе олардың комбинацияларын қолдану өте қауіпті.

Улану сананың бұзылуына, құрысуларға, тыныс алудың бұзылуына және жүрек қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда салдары өте ауыр және тіпті қайғылы аяқталуымүмкін.

Записаться на прием