"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Нейрохирургтар инсульт кезінде қалай көмектеседі

Нейрохирургтар инсульт кезінде қалай көмектеседі

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдемауруханасына шұғыл түрде 67 жасар ер адам түсті. Ол оң қолы мен аяғының әлсіздігіне және жансыздануына, сөйлеудің бұзылуына және жүргенде дірілдейтінінешағымданды.

Қабылдау бөлімшесінде невролог қарап-тексерді, миға КТ жасалды. Инсульт расталды. Пациент шұғыл түрде инсульт бөлімшесіне жатқызылып, дереу нейрохирург шақыртылды.

Сол күні уақытты жоғалтпай дәрігерлер қосымша қарап-тексерді және эндоваскулярлық операция жасады: ми қанның баруын жібермей тұрған тромб тамыр арқылы алынып тасталды.

👨‍⚕️ Операция жасаған дәрігерлер:

​•​нейрохирургтар Қалиева Айгүл Сапарбекқызы менАлиев Абиджан Адилович

​•​анестезиолог-реаниматолог Рамазанов Эльдар Ниязбекұлы.

Команданың үйлесімді жұмыс істеуінің арқасында қан айналуды қалпына келтірілді және инсульттің ауыр зардаптарының алды алынды.

📈 Бірнеше күннен кейін пациенттің сөйлеуі қалпынакелді, қолы мен аяғында күш пайда болып, жүрісі сенімді бола бастады.

🏡 Ауруханаға түскеннен кейінгі алтыншы күні ол тұрақты күйде үйіне шығарылды. 

💬 Нейрохирургиядағы заманауи әдістер мен тез шешім қабылдау — адамдарға инсульттан кейін қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді.

Бұл диагноз кезінде әр сәт маңызды болып табылады.

Записаться на прием