"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

СӘТСІЗ ҚҰЛАУ

СӘТСІЗ ҚҰЛАУ

54 жасар қала тұрғыны Жаңа жыл қарсаңында үйін жинап жатқанда жарақат алды. Әйел терезелерге перде ілмек болған. Ол үшін әйел өздігінен үстелге мінген. Алайда, ол тепе-теңдігін жоғалтып, үстелден құлап, орындықтың бұрышына соғылған. Бірақ әйел адам медициналық көмекке жүгінбеген. Оқиға болған күннен 4 тәулік өткен соң ғана жай-күйі нашарлағаннан кейін жедел жәрдем қызметін шақырған. Пациент жедел түрде Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізілді, оны кезекші хирургтар қарап-тексерді. Дәрігерлер қарап-тексерген кезде көкбауырдың жыртылғанын, сол жақтағы алдыңғы қолтық астындағы 8-ші қабырғаның аралық аймағында тері астынан гематома анықтады. Жай-күйінің ауырлығын, зерттеулердің нәтижелерін, жарақат алу жайлары есепке алынып, жедел түрде операция жасауға көрсетілімдер қойылды. Қала тұрғыны хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Жалпы анестезия арқылы хирургтар Дрюпин Алексей Павлович, Өмірзақов Жамшид Әбдіманнатұлы мен анестезиолог Әсетов Тимур Вадимұлы лапаротомия, спленэктомия, санация, іш қуысының дренажын жасады. Бір жарым сағатқа созылған оперция сәтті аяқталды. Оперция жасалған науқас бір литрдей қан жоғалтты. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері пациент тезірек қалпына келуі үшін бар күш-жігерін салды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз, оң динамикамен өтті. Әйел адам 8 күннен кейін қанағаттанарлық күйде амбулаториялық емделуді жалғастыру үшін үйіне жіберілді.

Записаться на прием