Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК директорының 2026 ж. 11.03. № 188-н бұйрығының негізінде 2025 жылғы 01 ақпаннан бастап 2026 жылғы 01 ақпанға дейінгі кезеңге «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК қызметінде мына бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады:
- КБҚЖМЖА қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- КБҚЖМЖА ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты 2026 жылғы 25 сәуірге дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді, оқиғаларды мына электрондық адреске жолдауды сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., құпиялылық пен жасырындыққа кепілдік беріледі. Түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін қолданылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда мына телефондар бойынша хабарлау қажет: 7 (7152) 51-54-56,
+ 7 7079401329.





