2026 жылғы 24 шілдеде Омбы қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы халықаралық ынтымақтастық форумы аясында шекаралас өңірлердің жетекші медицина мамандарын біріктірген
«Еуразиялық диалог: Ертіс өңірінің денсаулық сақтау жүйесі» атты дөңгелек үстел мен сараптамалық алаң өтті.
Форум қатысушыларының қатарында Петропавл қаласындағы Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының дәрігерлері де болды.
🤝 Негізгі нәтижелердің бірі – Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы мен Омбы қаласындағы КМХЦ МЗОО арасында халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
• тәжірибе және мамандар алмасу
• телемедицинаны және сараптамалық кеңестерді дамыту
• ғылыми-практикалық қызмет
• медициналық көмектің сапасын аудиттеу және бақылау
• ақпараттық өзара іс-қимыл
Мұндай халықаралық әріптестік заманауи медициналық технологияларды енгізуге, мамандардың біліктілігін арттыруға және ең бастысы – пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Біз басты мақсат – халық денсаулығын сақтау жолында халықаралық ынтымақтастық пен жаңа жобаларға әрқашан ашықпыз 💙





