Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына дәрігер-реаниматологпен 30 жасар әйел жеткізілді.
Жертөлені отпен кептіру кезінде жарылыс болған, салдарында ол көп күйіп қалған – жалын денесінің жартысын шарпыған.
Оның ауруханаға жеткізілуіне алдын ала дайындық ұйымдастырылды. Пациент қабылдау бөлімшесіне тоқтатылмай, дереу реанимацияға жатқызылды. Алғашқы күндері аса маңызды болды: күйіктен алған шок, зақым алған терісі үлкен, асқыну қаупі. Реаниматологтар, хирургтар, терапевттер, жақсүйек-бет хирургтары – бір үлкен команда болып жұмыс істеді. Әр шешім консилиумдарда бірлесіп қабылданды.
Дәрігерлердің кәсібилігі мен пациенттің төзімділігінің арқасында бес күннен кейін жағдайын тұрақтандыруға қол жеткізілді. Кейін ол травматология бөлімшесіне ауыстырылды, онда емдеу және күту жалғасты.
🏥 Әйел ауруханада барлығы 20 күн емделді. Ауруханадан шығарар кезде оның жағдайы қанағаттанарлық болып бағаланды, күйік жаралары тартылып келеді. Бүгінде оның өміріне қауіп жоқ, алдағы уақытта – қалпына келу.