❄️Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдемауруханасына аяқ-қолдарын ісік шалған 5 адам емдеуге жатқызылды. Бұл аймақтағы термометр бағанасы 10 градустан сирек төмен түскеніне, қатты аязды күндер әлі алда екеніне қарамастан. Дәрігерлер суық тиюдің алғашқы белгілеріне көңіл бөлуге және үсік алудың алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді.
❄️ Далаға қолғапсыз, бас киімсіз және шарфсыз шықпаңыз. Тараяқ киім кию, ұлтарақ салмау, дымқыл шұлықпен жүру көбінесесуық тию мен үсік алудың негізгі алғышарты болып табылады..
❄️Серуендеген кезде тоңғаныңызды немесе суық тигенін сезгенде (ашу сезімі, шаншу, сезімталдықтың жоғалуы, терініңқызаруы), тезірек жылы бөлмеге кіру керек, ал егер бұл мүмкінболмаса, қолғапты бірнеше минутқа шешіп, қолдытынысыңызбен жылытыңыз. Аяқ пен қолдың саусақтарынбелсенді түрде қимылдату керек. Мүмкін болса, ыстық тәтті шай, кофе немесе жай ғана ыстық су ішіңіз.
❄️Жылыну үшін алкоголь ішуге болмайды. Мас болу, шынмәнінде, жылуды одан да көп жоғалтуға әкеледі, сонымен біргежылынған сияқты сезімді тудырады. Мас күйде үсік алубелгілеріне назар аудару мүмкін емес.
❄️Тоңған аяқ-қолдарды оттың жанында тез жылытуға болмайды, жылыту компресстерін қолдануға, ыстық душ немесе ваннақабылдауға, жылыту жастықшаларын және сол сияқты жылукөздерін қолдануға болмайды, өйткені бұл үсіктің даму ағымын нашарлатады.
‼️ Үсік алудың алғашқы белгілерінде дәрігерге жүгенген дұрыс.