"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Табандылық пен шеберлік: дәрігерлер өмірді қалай сақтап қалды

Previous Next

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдемауруханасына бірнеше жерден пышақпенжарақаттар алған, ес-түссіз күйде өте нашар жағдайдағы 38 жасар ер адам түсті. Ол шұғыл түрде операция бөлмесіне жеткізілді. Алексей Анатольевич Сынтин мен Евгений Игоревич Шевченко, анестезиолог болған Эльдар Ниязбекович Рамазанов. Өте күрделі жарақаттарға қарамастан олардың өзара үйлесімді және кәсіби еңбектерінің арқасында операция екі сағатқа созылды.

Дәрігерлер оң жаққа бүйіріне торакотомия жасады, плевра қуысынан екі литр қанды алып, тазалады, жараны тікті, содан кейін сол жаққа дәл осылайманипуляциялар жасады. Науқастың өкпесіне, кеуде қуысына, басына, мойны мен омыртқасынажәне желке маңайындағы көптеген қауіпті зақымдарды сәтті емдеді. Хирургтар тамырларды буып, 17 жараны тікті, осылайша пациенттің өмірін аман алып қалды.

Ер адам операция аяқталғаннан соң реанимацияға көшірілді, онда дәрігерлер оның тыныс алуын қалпына келтіріп, қарқынды терапияны одан әрі жалғастырды. Төрт күн өткеннен кейін пациенттің жағдайы тұрақтандырылды, ол хирургия бөлімшесіне ауыстырылды.

Дәрігерлердің жедел және білікті көмегінің арқасында ер адам біраз уақыттан кейін амбулаториялық емделуге ауруханадан шығарылды.

 

Записаться на прием